14
декабрь
2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арналған аймақтық пікірсайыс турнирі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арналған аймақтық пікірсайыс турнирі 2021 жылдың 11 желтоқсан күні № 18 А.Қосанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында өтті.Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтығын қалыптастыру,оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу,республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту,насихаттау және қолдау.
Мектебіміздің намысын қорғап " Зияткер" дебат үйірмесінің жетекшісі З.Тұяқованың ұйымдастыруымен 10-сынып оқушыларынан құрылған " Тәуелсіз" фракциясы қатысты. Топ спикерлері Шөлек Әсел мен Берікқазы Досымжан . Турнир екі турдан тұрды. 1- турда біздің фракция № 44 жалпы орта білім беретін мектеп фракциясымен " Пандемия: пайдасы мен зияны" тақырыбында дебатқа түсіп,үкімет позициясын ұстанды. Ойын қорытындысы бойынша біздің спикерлеріміз жеңіске жетіп,2- турға өтті.
2- турда " Қазақстан жастары патриот па? " тақырыбында өтті. Мектебіміздің тобы № 35 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен ойынды жалғастырып,1- орынға бәсекелесті. Дебат турнирінің қорытындысы бойынша жан- жақты дайындықпен барған, өзінің ұтқыр жауаптарымен ерекшеленген " Тәуелсіз" фракциясының спикерлері Шөлек Әсел мен Берікқазы Досымжан 1- орын иеленіп, аудандық дебат турниріне жолдама алды. Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орын алған топтар марапатталды.