2022 жылдың 3 ақпан күні мектебімізде " Зияткер" дебат үйірмесінің жетекшісі З. Тұяқованың ұйымдастыруымен " Көп тіл білу қажет пе?" тақырыбында дебат турнирі болып өтті. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022 жылдың 3 ақпан күні мектебімізде " Зияткер" дебат үйірмесінің жетекшісі З. Тұяқованың ұйымдастыруымен " Көп тіл білу қажет пе?" тақырыбында дебат турнирі болып өтті.
04
февраль
2022

2022 жылдың 3 ақпан күні мектебімізде " Зияткер" дебат үйірмесінің жетекшісі З. Тұяқованың ұйымдастыруымен " Көп тіл білу қажет пе?" тақырыбында дебат турнирі болып өтті.

2022 жылдың 3 ақпан күні мектебімізде " Зияткер" дебат үйірмесінің жетекшісі З. Тұяқованың ұйымдастыруымен " Көп тіл білу қажет пе?" тақырыбында дебат турнирі болып өтті.  Дебаттың мақсаты: көп тіл білу қажеттілігі туралы оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау,пікірталасқа қызығушылығын арттыру. Көп тіл білу туралы толық ой қалыптастыру,білім алушылардың тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой- өрісін , тіл байлығын ,есте сақтау қабілетін дамыту. Адамгершілікке,ізеттілікке, көп тіл білуге ұмтылуға тәрбиелеу. Дебатқа 10- сынып оқушылары қатысты.10ә сыныбының " Жас ғалым" фракциясы үкімет болды. Спикерлері: Ноғайбекқызы Бегайым
Нұртан Тоғжан. 10а сыныбының "LA”фракциясы оппозиция болды. Спикерлері: Тұрғынбек Нұрайым, Ратбай Жания. Үкімет фракциясы көп тіл білу қажет дегенді пікірді дәлелдеп берді. Көп тіл қазіргі заман талабы екенін, шет мемлекеттерде білім жетілдіру үшін тіл 
білу қажеттілігі туындайтынын атап көрсетті.Өздерінің ұтымды пікірлері мен нақты дәлелдері арқылы тақырыпты ашты. Қорытынды жасау барысында қарсыластардың фактілері мен дәлелдеріне қарсы пікір айтты. Оппозиция фракциясы көп тіл білу бүгінгі таңда қажет емес деген пікірді дәлелдеу мақсатында сөйледі. Қазақ тілін жетік меңгермеген халық үшін көп тіл білу қажет емес. Үйде қазақ тілінде сөйлемегендіктен , балалардың тілі басқа тілде шығатынына назар аударды. Аргументтер мен фактілер арқылы өз позицияларын ұстанды. Төрешілердің шешімі бойынша  екі фракцияның да дәлелді пікірлері мен дәйектемелері  қарарға сай келді. Қорытынды бойынша " Жас ғалым" фракциясы 1 орын, "LA” фракциясы 2 орын иеленді. Спикер Ноғайбекқызы Бегайым "Үздік спикер" атанды.