28
январь
2022
Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес оқушылар " Үміт" сарайының базасында " Ұшқыр ой алаңы" оқушылардың республикалық дебаттық турнирінің аудандық кезеңі 2022 жылдың 27 қаңтар күні өтті.
Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес оқушылар " Үміт" сарайының базасында " Ұшқыр ой алаңы" оқушылардың республикалық дебаттық турнирінің аудандық кезеңі 2022 жылдың 27 қаңтар күні өтті. Турнирге мектебіміздің " Зияткер" дебат үйірмесінің қатысушылары 10- сынып оқушылары Берікқазы Досымжан мен Шөлек Әсел қатысты. Үйірме жетекшісі Тұяқова З.К. Турнирдің негізгі мақсаты: білім алушылардың бойында адамгершілік қасиет қалыптастыру,қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді талдап, сыни тұрғыдан көзқарастарын білдіруге,шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.Мектебіміздің намысын қорғаған " Тәуелсіз" фракциясы турнирде финалға шықты.Турнирде талқыланған тақырыптар" Жемқорлықтан гөрі жалқаулық зиянды"," Мемлекет әлеуметтік желілерді реттеу қажет", "Жас мамандарды ауылға тарту механизмі" Мектебіміздің дебатшылары өздерінің ұтымды жауаптары, дәлелді пікірлерімен ерекшеленіп ақтық турнирге шыққан #21,#20 мектептермен бәсекеге түсті. Қорытынды бойынша 3 орын иеленді. Мектебіміздің намысын қорғап, жүлделі орын "Зияткер" дебат үйірмесінің мүшелері Берікқазы Досымжан мен Шөлек Әселге шығармашылық табыс тілейміз.










