31
октябрь
2023
№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 31 қазан 2023 жылы Lesson study: тиімді іс -тәжірибеден табысқа бағытталған сабақты зерттеу әдісі тақырыбында аудандық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті.
№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 31 қазан 2023 жылы Lesson study: тиімді іс -тәжірибеден табысқа бағытталған сабақты зерттеу әдісі тақырыбында аудандық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинардың мақсаты: Оқытудағы кедергілерді анықтап, мұғалімдердің бірлесе жоспарлау, бақылау, талдау тәжірибелерін көрсету және пәндік әдістемемен бөлісу, тәжірибе алмасу. Семинарда мектеп психологы Г. Құралбаева "Сенім шырағы" тренинг өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдері і А.Айсерикова "Lesson study- мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы" тақырыбында таныстырылым жасаса, А.Жарасова "Сабақты зерттеу бірлескен оқу тәжірибесі" шебер сынып көрсетті. "Lesson study- кәсіби шеберлікті жетілдіру құралы" тақырыбында коучингті Э. Танатова жоғары деңгейде ұйымдастырды. Семинарға қатысушылар өздерінің ықыластарын, жылы лебіздерін айтып, мұғалімдерге шығармашылық табыс тіледі.





















