№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып бірлестігінің айлық жұмысы өткізілді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып бірлестігінің айлық жұмысы өткізілді.
07
февраль
2022

№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып бірлестігінің айлық жұмысы өткізілді.

№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып бірлестігінің айлық жұмысы өткізілді.  Айлық  жұмыста жоспарланған жоспарға сәйкес 
4  ақпан күні бастауыш сынып бірлестігі    А. И. Жарасова   «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі» тақырыбында  коучинг өткізді.
Мақсаты:
 Мұғалімдерге оқушыларды зерттеуге, қызығушылығын арттыруға, білім сапасын көтеруге, мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуға, бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік беретін педагогикалық тәсіл туралы түсінік беру. Мұғалімдерге  Lesson Study-сабақтарын ұйымдастырып, өткізуге ықпал ету.
Коучинг психологиялық ахуал орнатумен ұйымдастырылды. Мұғалімдер  Жапон елінің әліппесінен өз есімдерін жазып, қызықты тілмен  оқып шықты. Мұғалімдерге  «Менен   сұрақ – сізден жауап» әдісі арқылы  бірнеше түрткі сұрақтар қойылды және  бейнеролик көрсетілімі бойынша  тақырыпқа болжау жасалды.  
«Lesson Study» дегеніміз не?, «Зерттеу сабағының тиімділігі неде?»,  «Lesson Study  зерттеу сабағының ұймдастыру жолдары»   осындай сұрақтар аясында  топтық жұмыстар ұйымдастырылып ,  мұғалімдер топта бірлесе отырып, ортақ шешімдерін тауып, постер қорғады.   Мұғалімдерден өткізілген  коучинг туралы кері байланыс алынды. 
Нәтижесінде  мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестер мен қалай ынтымақтастық  орнатуға болатынын, әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алды.