19
ноябрь
2021
"Уақыт талабы-оқушы жетістігін критериалды бағалау (бағалаудың жүргізілуі) атты коучинг
2021 жылдың 19 қарашасында #4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Эльмира Танатова бастауыш сынып мұғалімдері үшін "Уақыт талабы-оқушы жетістігін критериалды бағалау (бағалаудың жүргізілуі) атты коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты: оқу үдерісінің әрбір кезеңінде,оқыту сапасын жақсарту үшін критериалды бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру, тиімділігін көрсету болды. Танатова Эльмира критериалды бағалаудың басты ерекшеліктеріне назар аударды. Сондай-ақ, критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті. Э. Танатова коучинг барысында оқушыларды қалай бағалау керек екендігін практикалық жолмен көрсетті. Коучинг соңында мұғалімдер пікірлерін ортаға салды.












