11
октябрь
2021
Асхана жұмысының ұйымдастыруы
Ағымдағы жылдың 11.10 күні №4 жалпы орта білім беретін мектеп асхананасында оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру тұрақты түрде қызмет көрсетіліп жатқандығы қадағаланды. Мектепте тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мектеп асханасында тегін тамақтану оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді. Күнделікті тамақтануға келген оқушылардың гигиеналық талаптарды қатаң сақтауын мектеп медбикелері қадағалап отырады. Мектеп медбикелері күнделікті дайындалған тағамдардан тәуліктік сынама алып, қақпағы бар таза шышы ыдыстарға сақтап қояды. Мектеп буфетінде талапқа сай тағамдар сатылады.Жалпы асхананың тазалығы, аспазшылардың сыртқы киім үлгісі барлық санитарлық талаптарға сай. 





