«Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?» тақырыбында 2 «А» сыныбында ата – аналарымен сабақ өткізілді. Мақсаты: Ата-аналарға » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» »  «Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?» тақырыбында 2 «А» сыныбында ата – аналарымен сабақ өткізілді. Мақсаты: Ата-аналарға
05
декабрь
2023

 «Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?» тақырыбында 2 «А» сыныбында ата – аналарымен сабақ өткізілді. Мақсаты: Ата-аналарға

Мектепте қараша айында «Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?» тақырыбында 2 «А» сыныбында  ата – аналарымен сабақ өткізілді.
Мақсаты:  Ата-аналарға баланың қызығушылығын қалай тәрбиелеуге болады деген сұрағына оңтайлы жауап алу, ұсыныстар қалыптастыру, дамыту жолдарын
біріге отырып шешімін табу;
   Ата-аналарға түрлі кеңестер беру және оны күнделікті өмірде қолдануға ықпал жасау.
 Ата-аналарға балалар мәселелерінің мәні, олардың түрлері туралы білім беру;
 Балалардың бастамасы мен қызығушылығын баспай, балалардың сұрақтарына сауатты жауап беру қажеттілігін қалыптастыру.
 «Мен баламды неге теңеймін?» тренингі  өткізілді.
    Көптеген ата-аналардың бала тәрбиесіндегі басты сұрақтарының бірі – «Балалардың оқуға қызығушылығын қалай арттыруға болады?». Әсіресе, смартфондар мен планшетті қолдарынан тастамай ойнайтын бүгінгі балалардың оқуға қызығушылықтары еш оянбайтындай көрінеді. Мұндайда не істеуге болады?
   Қазіргі инетернет, әлеуметтік желілер, компьютерлік ойындар тағы басқада жағдайлар оқушының сабаққа деген ынтасын өздеріне аударып жатқаны белігілі. Осындай кезде балаға білімнің керек екенін және маңызы зор екенін жеткізу өте қиын. Ата-аналар балаларының оқуға деген ынтасының жоқтығына қиналу үстінде. Бірақта қазір мүмкін емес дүние жоқ, әр проблеманы шешудің дұрыс жолын таңдау керек.
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi #ҚРБҒМ #атааналар#педагогикалыққолдау
#ЖАМБЫЛОБЛЫСЫНЫҢБІЛІМБАСҚАРМАСЫ#Меркіауданы#4жоббм