18
октябрь
2021
Тамақтануды ұйымдастыру
№4 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұсыну бойынша бір мезгіл сапалы ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылды.Мектеп асханасына кіре берісте келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері және тамақтану залында қол жууға арналған қолжуғыштар орнатылған. Асханаға келген білім алушылар ара қашықтықты сақтай отырып белгіленген кесте бойынша тамақтанады. Асхананың тамақтану залында отыратын орындар жобалық қуатына сәйкес орналастырылған. Асханаға келетін және шығатын білім алушылардың қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер қойылған. Мектеп асханасында барлық сақтық шаралары сақталған.








