Кездесуге Ясауи университенінің белсенді студенттері мен университеттің студент деканы қатысты. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кездесуге Ясауи университенінің белсенді студенттері мен университеттің студент деканы қатысты.
23
январь
2024

Кездесуге Ясауи университенінің белсенді студенттері мен университеттің студент деканы қатысты.

№4 Тілеміс батыр  жалпы орта білім беретін мектебінде  23 қаңтар  күні  мектептің 11 сынып білім алушыларымен Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Ясауи университенінің белсенді студенттері мен университеттің студент деканы қатысты. Кездесу барысында студенттер Қожа Ахмет Ясауи университетінің инфрақұрылымымен, университеттегі студенттерге берілген жеңілдіктер, мүмкіншіліктерімен бөлісе отырып, қандай мамандық, факультет барын, қанша баллмен грантқа түсуге болатынын түсіндірді. Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтар сұрақтар қойып, сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды. Ясауи университенінің студенттері білім алушыларға ең бастысы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде қобалжымау керектігін, тек өздеріне сену керектігінде айта өтті. Келген студенттер білім алушылар мен суретке түсіп,  білім алушыларға стикерлер мен жадынама таратты. Университет студенттері де білім алушыларда жақсы көңілмен кездесуден қайтты