« Өзіммен және басқалармен бейбітшілікте» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.  » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» »  « Өзіммен және басқалармен бейбітшілікте» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. 
25
январь
2024

 « Өзіммен және басқалармен бейбітшілікте» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. 

№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде  «DosbolLIKE»  балаларды қорлаудың (буллингтің) алдын алу бағдарламасына сәйкес 1-11 сынып оқушыларымен іс-шаралар, тәрбие сағаттары өткізілді.  «DosbolLIKE» бағдарламасы – білім алушыларға топта жұмыс істеуге, өмірлік және академиялық мәселелерді бірлесіп шешуге үйрену мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін тиімді әлеуметтік-эмоционалды оқыту құралы.  Балаларды қорлаудың (буллингтің) алдын алуға арналған «DosbolLIKE» бағдарламасының ерекшелігі – 1-11 сынып оқушыларын әлеуметтік бағдарланған жобалық іс-шараларға тарту арқылы жүзеге асырылуда.
Балаларды қорлаудың (буллингтің) алдын алуға арналған «DosbolLIKE» бағдарламасы аясында  1- сыныптар бойынша « Менің осындай болғаным қандай жақсы», «Өнер жанжақтылықта, ал күш бірлікте», «Сен және мен – біз доспыз!», « Өзіммен және басқалармен бейбітшілікте» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. 
Мақсаты: адамдардың жеке басындағы және мінез-құлқындағы жалпы және ерекше көріністерге қызығушылық, адамдардың теңдігі туралы идеяларды кеңейту, эмпатияны дамыту, жағымды қарым-қатынас дағдылары және ұжымда тиімді өзара әрекеттесу.