02
ноябрь
2022
«Құқық бұзушылыққа жол жоқ» тақырыбында флешмоб
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 10 қазан мен 10 қараша аралығында «Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлық өткізілді. Айлық барысында барлық жоспарланған іс-шаралар уақтылы өткізіліп, мектептің сайтына, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде (Facebook, YouTube, Instagram) жарияланды. «Құқық бұзушылықтың алдын-алу –басты міндет» тақырыбында «Меркі ақиқат» газетіне мақала жіберілді. Айлықтың қорытындысына 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Құқық бұзушылыққа жол жоқ» тақырыбында флешмоб өткізілді.
