«Рухтың күші әкеде...» тақырыбында әкелер форумы өтті. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» »  «Рухтың күші әкеде...» тақырыбында әкелер форумы өтті.
16
февраль
2024

 «Рухтың күші әкеде...» тақырыбында әкелер форумы өтті.

16 ақпан 2024 жылы мектепте отбасында, қоғамда әкенің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан  салт-дәстүрлерімізді өскелең ұрпақтардың бойына сіңіру жолындағы алатын орынын  дәріптеу, мектеп пен отбасының өзара байланысын, бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше екендігін түсіндіру мақсатында «Рухтың күші әкеде...» тақырыбында әкелер  форумы өтті.
  Форумға  Ақтоған ауылдық округінің әкімі - Абдразақов Данияр Ақылбекұлы, ардагерлер алқасының төрағасы -Қосубаев Олжабек Жанұзақұлы, «Меркі-Ақиқат» газетінің редакторы- Құралбаев Серік Құралбайұлы, мектептің «Аталар мектебінің» төрағасы - Ниязбеков  Ергөбек Әріпбайұлы, билер алқасының төрағасы- Садықбеков  Талғат Мақсымханұлы қатысты.
Әр шаңырақта орны ерекше, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы, әділ, ұстамды, тәрбиелік рөлі зор, отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі – әкелер. 
Форумда әкелердің өз міндетін қалай орындап жүргендігі туралы ой- пікірлерін ортаға салды. Жақсы әкелер болмаса, Жақсы тәрбие болмайды.Баланы жақсы тәрбиелеп, өнегелі еңбекке баулып, еліне пайдалы етіп өсіру әрбір әкенің міндеті екені сөзсіз. 
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi #ҚРБҒМ #атааналар#педагогикалыққолдау
#ЖАМБЫЛОБЛЫСЫНЫҢБІЛІМБАСҚАРМАСЫ#Меркіауданы#4жоббм