10
декабрь
2024
"Білім олқылықтардың орнын толықтыру әдістері" тақырыбында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сембиева Бақыткүл семинар өткізді.
№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде ұстаздармен "Білім олқылықтардың орнын толықтыру әдістері" тақырыбында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сембиева Бақыткүл семинар өткізді. Білім беру жүйесі қоғамның тұрақты дамуы мен жеке тұлғаның жетілуін қамтамасыз ететін маңызды құрал. Бірақ оқу процесінде түрлі себептерге байланысты білім олқылықтары пайда болуы мүмкін. Бұл олқылықтарды анықтап, олардың орнын толықтыру – оқушылардың білім деңгейін арттырудың негізгі міндеттерінің бірі екені айтылды. Семинарда білім олқылықтарының себептерін туралы айтылды. Білім олқылықтарының орнын толықтыру әдістерімен таныстырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Білім олқылықтарын анықтап, олардың орнын толықтыру үшін жан-жақты, жүйелі жұмыс қажет екені ескертілді. Оқыту әдістерін жаңартып, заманауи технологияларды қолдану арқылы бұл міндетті тиімді шешуге болатынын түсіндірді. Мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен әрекеті оқушылардың табысты білім алуына және жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік беретіні айтылды.















