12
декабрь
2024
«Су- тіршілік көзі» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
12 желтоқсан күні А. Қадылқанова 4 “А” сынып білім алушыларымен «Су- тіршілік көзі» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға су ресурстарының маңыздылығын, оны үнемді пайдалану қажеттілігін түсіндіру. Тәрбие сағатында су тапшылығы, су экологиясының проблемалары, табиғи ресурстарды қорғау, суды үнемдеу жолдары мен тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар, балаларға суды үнемдеу әр адамның жауапкершілігі екені, судың тазалығы мен экологиялық балансқа әсері туралы мәлімет берілді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар жеке, топтық тапсырмаларды орындады. Үйге берілген «Су – тіршілік көзі» тақырыбында салып келген суреттерін қорғады. Оқушылар сабақ барысында экологиялық мәдениеті арттып, табиғатқа деген қамқорлықты және жауапкершілікті сезінді. Суды үнемді пайдалану керектігін ұғынды.
#БіртұтасТәрбие #СуЭкологиясы
#СудыңПайдасы





#БіртұтасТәрбие #СуЭкологиясы
#СудыңПайдасы





