21
январь
2025
«Қауіпсіздік тәртібінің ережелері» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 7 «А» сыныбының жетекшісі Тулеубаева Ажар «Қауіпсіздік тәртібінің ережелері» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның себептері мен зардаптарын ұғындыру. Оқушыларға қоғамның әлеуметтік, құқықтық сипаттарын ұғындыра отырып арандатуға жол бермеу және қауіпсіздік тәртібінің ережелерін түсіндіру.Сынып сағаты барысында оқушыларға түсіндерме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап берді.

