«Тарихтан тағылым-жазушыдан ғибрат» атты әдеби кездесу кеші ұйымдастырылды. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тарихтан тағылым-жазушыдан ғибрат» атты әдеби кездесу кеші ұйымдастырылды.
16
апрель
2026

«Тарихтан тағылым-жазушыдан ғибрат» атты әдеби кездесу кеші ұйымдастырылды.

📚📚16 сәуір күні №4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту,әдебиетке деген қызуғушылығын арттыру мақсатында елімізге танымал ақын-жазушы, «Ақ жол» газетінің тілшісі Сейсен Қожеке Шәмінұлының 75 жас толуына орай «Тарихтан тағылым-жазушыдан ғибрат» атты әдеби кездесу кеші ұйымдастырылды.
      📚📚Кездесуге Жамбыл облысы жазушылар одағының құрметті азаматы «Меркі ақиқат» газетінің бас редакторы Құралбай Серік, «Меркі тынысы» газетінің тілшісі Ольга Мазур қатысты.Мектеп ұжымы жас өнерпаздар зор құрметпен қарсы алды.
    📚📚Аталған іс-шараға қаламгер өзінің шығармашылық жолы, жазушылық еңбегі, өмірлік тәжірибесі туралы әсерлі әңгімелер айтып, оқушыларға өнегелі ой-пікірлерімен бөлісті. Білім алушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мазмұнды жауаптар берілді. Шара барысында оқушыларды кітап оқуға, әдебиетке қызықтыру,жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру,шығармалардағы тәрбиелік мәнді түсіндіру,жастарға бағыт-бағдар беру, өмірлік кеңес алу,рухани, адамгершілік құндылықтарды насихаттау.Мектеп кітапханашылары іс -шараға жазушының шығармаларымен өмір баянына көрме ұймдастырды.Іс-шара соңында мектеп ұжымы қонаққа алғыс білдірді.
      📚📚Жазушымен кездесу-тек әңгіме емес,  оқушыға ой салатын шабыт беретін, болашаққа дұрыс бағыт көрсететін тәрбиелік маңызы зор шара.