22
апрель
2026
“Жасөспірім қыздардың гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу” туралы қыздар жиналысы өткізілді.
“Жасөспірім қыздардың гигиенасы” Қыздар жиналысы.
Қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі, қыздарға тән мінез-құлық, қыз бала мәдениеті, қыз баланың қоғамдағы орнын айрықша түсіндіріп, эстетикалық тәрбие беру мақсатында N4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде қыздармен “Жасөспірім қыздардың гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу” туралы қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары А.Исмаилова, "Кәусар" қыздар клубының жетекшісі Т.Альжанова қатысты.Жиналыста ДОІЖО А.Исмаилова күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.
“Қыздарға әсемдік жарасады” тақырыбында әңгімелесу алаңы өткізілді. Іс-шара барысында жасөспірім қыздардың физиологиялық өзгерістері, жеке гигиена қандай болу керектігі туралы мағлұмат берілді. Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балаларының бойына рухани адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту керектігі айтылып өтті. Жиналыста қазіргі қыздар арасында болып жатқан әр түрлі мәселелер, түрлі түсінбеушілік салдары, ауру түрлері, оның туғызатын зардаптары туралы нақты фактілермен мысал келтіріп, талқыланды.