20
декабрь
2021
16 желтоқсан күні "Тәуелсіз - елім тірегім" атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай 16 желтоқсан күні "Тәуелсіз - елім тірегім" атты мерекелік іс-шара өткізілді.Біздің туған еліміз- Қазақстан.Қазақ елі тәуелсіздігін алғанына биыл 30 жыл толды.Өз алдына егеменді ел болып,тәуелсіз ел атанды,қазақ халқы үшін,әрине, үлкен қуаныш.Өз елін,өзінің кіндік қаны тамған туған жерін,ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін жан кем де кем.Мерекелік шараға "Балалар және театр" үйірмесінің жетекшісі Ж.Талдыбаеваның ұйымдастыруымен "Қазақ елі" театрланған көрінісі қойылды. "Домбыра" үйірмесінің жетекшісі У.Назарбаеваның ұйымдастыруымен Б.Ғизатовтың әні "Біз өмірдің гүліміз" күйін үлкен топ, Құрманғазының "Балбырауын" күйін үлкен топ және Орыстың "Во саду ли,в огороде"халық әнін кіші топ үйірме қатысушылары нақышына келтіріп орындады."Балдәурен" би үйірмесінің жетекшісі Н.Асубайқызының ұйымдастыруымен "Шашу""Еркесылқым""Орыс" билері ұсынылды. "Жас тілші"үйірмесінің жетекшісі Э.Додаеваның жетекшілігімен үйірме оқушылары "Тәуелсіз елім" тақырыптарындағы патриоттық өлеңдерді нақышына келтіріп орындады. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол-Тәуелсіз Қазақстан.Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын.

















