21
февраль
2022
8 -ші сынып оқушыларының ата-аналарымен «Бала тәрбиесі отбасынан басталады!» тақырыбында тренинг жүргізді.
18 ақпан күні мектеп психологы Г. Куралбаева 8 -ші сынып оқушыларының ата-аналарымен «Бала тәрбиесі отбасынан басталады!» тақырыбында тренинг жүргізді. Ата-аналар тренинг барысында танысу мақсатында «Қызықты сұрақтар» жаттығуын, «Балаңызды тани білесіз ба?» , «Жүректен жүрекке» жаттығуларын орындады. Тренинг барысында ата-аналарға баланың бойында қандай психикалық-эмоционалдық өзгерістер болатыны туралы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін не істеу керектігі баяндалды. Ойын жаттығулары барсында ата-аналар өздерін емін-еркін ұстап, қызығушылықпен қатысты. Соңынан «Баламен қалай қарым-қатынас жасау керек?» тақырыбында жадынама таратылды.













