18
март
2022
"Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары" тақырыбында коучинг өткізді.
№4 Тілеміс жоббм мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру және кәсіби дамуына ықпал ету, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру бойынша теориялық және практикалық жағынан кәсіби қолдау көрсету мақсатында математика пәні мүғалімі Садыбекова Гүлзада "Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары" тақырыбында коучинг өткізді.Кочингте мұғалімдер екі топқа бөлініп "бірге сурет салайық" тренингі өкізіліп, ой қозғау сәтінде "4 фото, 1 сөз" ойыны жүргізілді.Теориялық бөлімінде математикалық білім сапасын арттыру үшін оқушылардың ізденіс жағдайында жұмыс жасауын қамтамасыз ету бағытында ойлар айтылса,тәжірибелік кезеңде "сіз өз сабағыңызда оқушылардың пәнге деген танымдық белсенділігін қалай дамытар едіңіз?" сұрағы төңірегінде жұмыс жасап, постер қорғады.









