24
ноябрь
2022
«Отбасының рухани өмірі мен осы жастағы баланың дамуы» тақырыптарында ата-аналар арасында тренинг өткізді.
Мектепте қараша айында "Ашық есік" айлығы өткізілді. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп , ұстаз және ата –ананың орны бөлек, ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, тәрбие жайында пікір бөлісу мақсатында 7 «А» сыныбында Жантасқызы Г. «Отбасы тәрбие айнасы», 7 "Ә" сыныбында Жетписбаева З. «Отбасы - бақыт мекені», 7 «Б» сыныбында Мінетова С. «Отбасының рухани өмірі мен осы жастағы баланың дамуы» тақырыптарында ата-аналар арасында тренинг өткізді. Ата-аналар балаға рухани тәрбие беруде отбасының рөлі ерекше екенін және бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты іс екенін ұғынды.











