06
февраль
2023
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектеп директоры Еркебұлан Әбдіғалиұлы Жұматаевтың ұйымдастыруымен екі күндік курс өткізілді.
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектеп директоры Еркебұлан Әбдіғалиұлы Жұматаевтың ұйымдастыруымен екі күндік курс өткізілді. Курстың тақырыбы: "Табысты сабақ: мақсаттар, мүмкіндіктер мен тапсырмалар триангуляциясы". "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Ділдахан Қыраубекұлы Ибрагимов курсты жүргізді. Екі күндік курста мұғалімдер білімдерін жетілдіру барысында өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап ала отырып, табысты сабаққа жету жолдарын үйрену барысында, іс тәжірибелерімен бөлісіп, заман талабына сай білім беруге көңіл бөлу керектігі айтылды. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Ділдахан Қыраубекұлына және мектеп директоры Еркебұлан Әбдіғалиұлына айтар алғысымыз шексіз.









