Бастауыш 1-4 сынып оқушылары мен жекелеген санаттағы оқушылар тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтылып отыр. Жұма 05 желтоқсан күнгі ас мәзірі : сиыр етінен котлет, гарнир: қарақұмықпен, қызанақ пен қияр салаты, бидай наны, тәтті шәй.
Ағымдағы жылдың 5 желтоқсан күні бастауыш сынып мұғалімі У.А.Кантуреева "Цифрлы педагог" жобасы аясында “Оқу үдерісінде саралап оқыту тәсілдерін қолдану” тақырыбында әдебиеттік оқу пәнінен шебер-сынып өткізді. 📗Мақсаты: Мұғалімдерді оқу үдерісінде саралап оқытудың теориялық негіздерімен, тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыру және оларды күнделікті сабақта қолдану дағдыларын қалыптастыру. 📙Міндеттері: • Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне, қажеттіліктеріне және қабілеттеріне сәйкес оқыту
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 5 желтоқсанында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Жекелеген білім алушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған тапсырмалар әзірлеу" тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жекелеген білім алушылардың оқу қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған, дербес тапсырмалар әзірлеу жолдарын көрсету, тәжірибе алмасу және тиімді әдіс-тәсілдерді тарату.