11-сынып бітіруші түлектердің қорытынды аттестаттау емтихандары басталды. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11-сынып бітіруші түлектердің қорытынды аттестаттау емтихандары басталды.
02
июнь
2026

11-сынып бітіруші түлектердің қорытынды аттестаттау емтихандары басталды.

№4 жалпы орта білім беретін мектепте 11-сынып бітіруші түлектердің қорытынды аттестаттау емтихандары басталды. Алғашқы емтихан Қазақстан тарихы пәнінен өткізілді. Емтиханның ашылу салтанатында мектеп директоры І.С.Жүнісжанов сөз сөйлеп, түлектерді маңызды сынақтың басталуымен құттықтады. Өз сөзінде ол бітіруші түлектерге үлкен сенім білдіріп, көп жылғы еңбектері мен алған білімдерінің нәтижесін осы жауапты кезеңде жоғары деңгейде көрсететініне сенімді екенін атап өтті. Сонымен қатар, білім алушыларға сәттілік, табандылық, өз күштеріне деген сенім және жоғары нәтижелер тіледі. Қорытынды аттестаттау – мектеп қабырғасында алған білімді саралайтын маңызды кезең. Осыған байланысты емтиханның әділ әрі ашық өтуіне барлық қажетті жағдайлар жасалды. Білім алушыларға академиялық адалдық қағидаларын сақтай отырып, өз білімдері мен дайындық деңгейлерін толық көрсетуге мүмкіндік берілді. Түлектер емтиханға жауапкершілікпен қарап, жинақылық пен сабырлылық танытты. Бұл күн олардың мектептегі білім жолындағы маңызды белестерінің бірі болып, болашақ өмірлеріне нық қадам жасауына негіз қалайды. Мектеп ұжымы барлық бітіруші түлектерге қорытынды аттестаттау емтихандарын сәтті тапсырып,алдағы өмір жолында биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді.