21
апрель
2023
«Сіздің жас маман ретінде қалыптасуыңызда кездескен қиындықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру мақсатында 21 сәуір күні мектебіміздің «Сіздің жас маман ретінде қалыптасуыңызда кездескен қиындықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. «Сәлемдесу» жаттығуымен басталған дөңгелек үстел нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді терең білуімен, сол білімді балалардың бойына сіңіре білуімен ерекшелетіні, қазіргі жаңа технологиялардың дамыған заманында оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келетіні, қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мұғалім - жоғары бағаланатыны айтыла келе, осы кәсіби мамандығы бойынша жұмысқа барысында қандай қиындықтар туындады, жас маман ретінде қандай кедергілерге тап болдыңыз деген сауал қойылып, жас мамандар осы тақырыпта ойларын ортаға салып,постер қорғады. Өздері жұмыс барысында кездескен қиындықтарымен және оны қалай шешкендерімен бөлісті. Жұмысты қорытындылау мақсатында оқушылармен тіл табысуға бағытталған бірқатар психологиялық кеңестер берілді.



