26
октябрь
2022
Мектеп психологтары «Кибербуллингке қарсымыз» атты тақырыпта бейнеролик көрсетті.
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 10 қазан мен 10 қараша аралығында «Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлық аясында 26 қазан күні «Кибербуллингке қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: жасөсіпірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтың, қысым көрсету, бопсалаудың буллингтің, кибербуллингтің алдын алу
Барысы. Мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтың, қысым көрсету, бопсалаудың буллингтің, кибербуллингтің алдын алу мақсатында 7-8 сынып оқушыларына «Кибербуллингке қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларға бүгінде кибербуллинг әлем мектеп¬те¬рінде кеңінен таралып отырғаны туралы айтылды. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессия¬ны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіретіні, мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін екеніндігі туралы мәлімет берілді. Оқушылар дөңгелек үстел барысында Кибербуллинг дегеніміз не?, Неліктен адамдар бұлай істейді?, Егер сен кибербуллинге тап болсаң, не істеу керек?, Мен өзім басқа біреуді онлайн қорласам ше?, Егер басқа біреу кибербуллинге ұшыраса ше? - деген сұрақтарға жауап алды. Оқушыларға бірқатар кибербуллингтің алдын алу бойынша кеңестер берілді.
Қорытынды: 7-8 сынып оқушылары дөңгелек барысында өз ойларымен бөлісті, булинг және кимбербуллингке қарсы екендерін айтты. Егер бұндай кездескен жағдайда міндетті түрде ересек адамдарға, ата-анасына, сынып жетекшілеріне айтатынын жеткізді.