13
май
2022
Мектепте 13мамыр күні Балалар жылына орай 8 сынып жетекшілері Г.Садыбекова мен А. Жексембиева «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбында кездесу өткізді.
Мектепте 13мамыр күні Балалар жылына орай 8 сынып жетекшілері Г.Садыбекова мен А. Жексембиева «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбында кездесу өткізді.Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін, дені сау ұрпақ ертеңгі елдің болашағы екендігін түсіндіру,салауатты өмір салтын насихаттау,оқушыларға денсаулықтың қадірін түсіндіріп, оны сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттерді зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Кездесуге салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Х.Ж.Әдешова қатысты. Кездесуде оқушылар флешмоб билеп, денсаулық туралы постерлер қорғады. Түрлі видеолар көрсетіліп, денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдер жарысы ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын ұстану жөнінде Х .Әдешова балалармен әңгіме жүргізіп, «Өз жолыңды таңда» және салауатты өмір салтын ұстау туралы видео роликтер көрсетіп, балалардың қойған сұрақтарына жауап берді.