«ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ: ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУҒА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР» коучинг » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ: ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУҒА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР» коучинг
27
март
2024

«ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ: ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУҒА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР» коучинг

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» деген нақыл сөзді әрбір ұстаз назарда ұстағаны абзал. Себебі, мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол кемел ұстаздар қатарын толықтырары сөзсіз. Басқаларды оқытып, үйретуі нәтижелі болсын десе, ең әуелі педагогтің өзі оқуы керек. Жақсы үлгі-өнеге, білім көрсеткенде ғана адамның қолы биік арманға жетеді.
Қазіргі таңда қоғамның білімге деген талабы жоғары. Білім саласы сан тараулы ақпараттарға толы. Болашақ білімді ұрпақты даярлайтын мұғалімдер болғандықтан, олар ешбір жаңалықтарды қалт жібермеуі тиіс.
«Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады» деп ғұлама Әл-Фараби айтқандай, ұстаздың ілгерілеу талабы неғұрлым биік болса, оның қабілеті, таланты соғұрлым өміршең болады.
Демек, білемін, көремін, ізденемін, оқимын, үйренемін деген ұстаздарға бүгінгі дөңгелек үстелден алары да, ұсынары да мол болар.
"Ұстаз болу - өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау" деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтқандай, мұғалім мәртебесі қашан да биік.
Қорыта келгенде оқу процесінің  жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін, педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.