13
июнь
2022
"Зияткер" дебат үйірмесінің ұйымдастыруымен 7- сыныптар арасында " Жастардың сөз мәдениеті өз деңгейінде ме?" тақырыбында ойын өткізді.
13.07.22 күні "Зияткер" дебат үйірмесінің ұйымдастыруымен 7- сыныптар арасында " Жастардың сөз мәдениеті өз деңгейінде ме?" тақырыбында ойын өткізді. Дебатқа екі команда қатысты. Ойынның негізгі мақсаты: Қазіргі таңдағы жастарды сөз мәдениетін сақтауға, тіл тазалығына көңіл бөлуге,сөздік қорын байытуға тәрбиелеу. Ойынға қатысқан үкімет фракциясының спикерлері Көктеубай Мағжан мен Арнатқызы Жанель, Оппозиция фракциясының мүшелері Серік Диана мен Ибрайқұл Нұрайым болды. Ойын барысында екі топ спикерлері де нақты дәлелдермен сөйлеп, ойларын анық жеткізе білді. Қазіргі таңдағы тіл тазалығын сақтау қажеттілігі өзекті мәселе екенін ашып айтты.Ойын қорытындысы бойынша ұтымды пікірлерімен ерекшеленген үкімет фракциясы жеңіске жетті. Үйірме жетекшісі Тұяқова З.К спикерлерге ойынға дайындықпен келгендеріне алғыс айтып, сәттілік тіледі











